Айгөлек | Казахские детские песни | Kazakh Kids Song

Dijih 2016-11-10

Views 4

Көлдей шалқып жас өмір,\r
Тасып жатқан шағында\r
Кемерінен шалықтап,\r
Асып шатқан шағында\r
Ойын ойнап, ән салмай \r
Өсер бала болар ма\r
Күміс күлкі көрмей ол\r
Кемеліне толар ма.\r
\r
Айгөлек ау айгөлек,\r
Айдың жүзі дөңгелек,\r
Айгөлек деп ән шырқа\r
Ел бөбегі кел, бөбек. 2 рет\r
\r
\r
Асыл сөздің ұстасы-\r
Ақын болар ұрпақпыз\r
Өнер, білім, еңбекке,\r
Жақын болар ұрпақпыз\r
Он саусағы майысқан\r
Шебер болар ұрпақпыз,\r
Тұла бойы толған бір\r
Өнер болар ұрпақпыз.\r
\r
Айгөлек ау айгөлек,\r
Айдың жүзі дөңгелек,\r
Айгөлек деп ән шырқа\r
Ел бөбегі кел, бөбек. 2 рет

Share This Video


Download

  
Report form
RELATED VIDEOS